Бокстан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында 75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әбілхан Аманқұл күміс жүлдеге ие болды.
Жерлесіміз финалда украйналық Александр Хижнякпен жұдырықтасып, жеңіліс тапты. Жиырма жасар қазақ боксшысы осылайша ел құрамасы қоржынына бесінші жүлдені салды.
Атап айтсақ, Жомарт Ержан (49 келі), Василий Левит (81 келі) және Абылайхан Жүсіпов (69 келі) қола жүлдеге қол жеткізсе, 56 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Қайрат Ералиев әлем чемпионы атанды.