Фото: Gov.kz
Қазақстанда АЭС салуға байланысты Exit poll нәтижесі бойынша тұрғындардың 69,8%-ы Қазақстанда Атом Электор Станциясын салуды қолдайды, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат" Exit poll нәтижесіне сүйеніп хабарлаған Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институтына сілтеме жасап.
Сауалнамаға қатысқандардың 30,2%-ы келісімін бермеген. Учаскелерге келу көрсеткіші 67,3% деңгейінде тіркелді. Деректердің қателігі +-1,5 %", -деді «Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» жеке қорының талдаушысы Әлібек Тәжібаев.
Айта кетейік, 2024 жылы 6 қазанда Қазақстанда АЭС салу бойынша бүкілхалықтық референдум өтті.