170 мың теңге үшін мемлекеттік қызметке өмір бойына жол жабылды

170 мың теңге үшін мемлекеттік қызметке өмір бойына жол жабылды
ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында көлік бақылау инспекциясының қызметкері тасымалдаушыдан пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ult.kz.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, инспектор автокөліктерді кедергісіз өткізу үшін бірнеше рет пара алған. Оның жалпы сомасы 170 мың теңгені құраған.

Сот үкімімен оған 5,5 млн теңге айыппұл салынып, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.