Серік Мақашұлы Жұманғарин Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі қызметіне қайта тағайындалды, деп хабарлайды ult.kz.
Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
— Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалсын, — делінген құжатта.