Жол ережесін бұзған Gelandеwagen жүргізушісі жазаға тартылды

Жол ережесін бұзған Gelandеwagen жүргізушісі жазаға тартылды

Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов әлеуметтік желіде жарияланған видеоға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Mercedes Gelandеwagen жүргізушісі қарама-қарсы бетпен арадағы қос сызықты басып, жол ережесін бұзғаны туралы видео instagram желісінде жарияланды. 

«Жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші, 27 жастағы Алматы тұрғыны ҚР ӘқбК 596-бабының 3-бөлімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары әкімшілік істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотына жіберілді», - деді Қанат Таймерденов.