Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Жанар Айтжанова Дүниежүзілік сауда ұйымының өкілімен кездесті

Жанар Айтжанова Дүниежүзілік сауда ұйымының өкілімен кездесті

Қазақстанның БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен кездесу өткізді. Бұл туралы СІМ хабарлады.

Қазақстанның ДСҰ 12-ші министрлік конференциясына төрағалық етуін ескере отырып, кездесу барысында ұйымның өзекті күн тәртібі бойынша маңызды нәтижелерге қол жеткізу мақсатында осы жаһандық іс-шараның бірлескен дайындығына және негізгі басымдықтарына ерекше назар аударылды. 

Бас директор ДСҰ Хатшылығының өкілдері өз тарапынан ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясына дайындық барысында барлық қажетті көмек пен қолдау көрсететінінін атап өтті.

Тараптар сондай-ақ әлемде қалыптасып жатқан эпидемиологиялық жағдай аясындағы жаһандық сауданың дамуы бойынша пікір алмасты.