Жезқазған әкімі Қайрат Шайжанов қызметінен кетті

Жезқазған әкімі Қайрат Шайжанов қызметінен кетті
instagram.com/kairatsh_08

Жезқазған әкімі Қайрат Шайжанов қызметінен кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ult.kz.

«Қала әкімі лауазымындағы қызметімді аяқтап, сіздермен қоштасатын сәт те келіп жетті», – деді Қайрат Шайжанов.

Оның айтуынша, төрт жылға жуық уақыт ішінде туған қаласының дамуына үлес қосуға тырысқан. Әкім бұл кезеңді үлкен жауапкершілік пен өмірлік тәжірибе мектебі болғанын атап өтті.

Шайжанов жезқазғандықтарға қолдауы үшін алғыс айтып, қалаға деген жанашырлығы қызметтен кеткеннен кейін де жалғасатынын жеткізді.

Айта кетейік, Қайрат Шайжанов Жезқазған қаласының әкімі қызметіне 2022 жылғы маусымда тағайындалған болатын.