Белгілі әнші Жеңіс Ысқақова ұлының алғашқы некесі, бұрынғы келінімен қарым-қатынасы және олардың бірге тұрған кезеңі жайлы айтты, деп хабарлайды ult.kz.
Өнер иесінің сөзінше, ұлы алғаш рет үйленген кезде келіні бөлек тұруды қалаған. Алайда ұлы ата-анасымен бірге тұруды ұсынған. Егер келіні бөлек тұрғысы келсе, жеке шығуына өзі шешім қабылдай алатынын айтқан.
Жеңіс Ысқақова бұл жағдайға өзінің араласпағанын атап өтті. Оның айтуынша, жастардың тұрмысына қатысты шешімдер екеуінің арасында болған. Ол кезде әнші жұмыс бабымен Астанада тұрғандықтан, үйде көбіне жастар өздері тұрған.
Әнші кейін үйіне оралған кезде бұрынғы келінінен отбасынан кетуінің себебін сұраған. Алайда келіні оған ешқандай өкпесі немесе талабы жоқ екенін айтып, қазіргі заманның талабына байланысты осындай шешім қабылдағанын жеткізген.