Танымал әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков ұлының концертін тамашалау үшін Атырауға арнайы барды. Әкесі мен баласының сахнадағы әсерлі сәтіне Гүлзира Айдарбекова да үн қатты, деп хабарлайды ult.kz.

Нұртас Айдарбеков әлеуметтік желідегі парақшасында ұлымен бірге сахнаға шыққан сәтінің видеосын жариялады. Бейнежазбадан әншінің әкесін құшақтап, еркелегенін көруге болады.
"Жан баламды қолдап, Атырауға келдім", – деп жазды әншінің әкесі.
Ал Гүлзира Айдарбекова жазба астына пікір қалдырып, ұлының қандай қасиеттерді әкесінен алғанын айтты. Продюсер Қайраттың еңбекқорлығы мен қиындыққа мойымайтын мінезін ерекше атап өтті.
"Таразының екі шеті болады балам, папаңның ер мінезді қаталдығы болмағанымен, 2 ші жағы еңбекқорлығың, қарапайымдылығың мен мейірімге толы жүрегің, жығылып жатсаңда сынып кетпейтінің, бұл ұқсастығың болмағанда 20 жыл праймда жүрмес па едің. Екеуің де аман болыңдар, менің бағыма", – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Айта кетейік, 22 қарашада Атыраудағы Жайық мәдени-спорт кешенінде Қайрат Нұртастың шығармашылық жолының 20 жылдығына арналған "Сахнада 20 жыл" атты концерті өтті.