Freedom Inside '26

Венесуэлада 7 күндік ұлттық аза тұту жарияланды

Венесуэлада 7 күндік ұлттық аза тұту жарияланды
ЖИ

Венесуэлада алапат зілзала құрбандарының рухына тағзым ету үшін 7 күндік ұлттық аза тұту жарияланды, деп хабарлайды ult.kz.

Соңғы мәліметтерге сай, қуаты 7,5 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2300-ге жуықтаған. 11 мыңнан астам адам жараланды. 

НАСА жариялаған алдын ала спутниктік деректерге сай, табиғи апаттан 59 мыңға жуық ғимарат құлаған немесе толықтай қираған. Жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарда іздеу-құтқару жұмыстары мен зардап шеккендерге көмек көрсету шаралары жалғасып жатыр.