Ұстаздарға арналған үздік әндер

Ұстаздарға арналған үздік әндер
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Ұстаз – білім беріп қана қоймай, әр адамның өмір жолына бағыт-бағдар беретін ерекше тұлға. Мектеп қабырғасындағы алғашқы әріптен бастап, үлкен өмірге қадам басқанға дейін мұғалімнің еңбегі мен тәлімі әр шәкірттің жадында сақталады. Сондықтан ұстазға деген алғыс пен құрмет өнерде де ерекше орын алады, деп хабарлайды ult.kz.

Қазақ музыка өнерінде мұғалімге арналған жүрекке жылы тиетін, сағыныш пен ризашылыққа толы әндер аз емес. Олардың бірінде мектеп жылдары еске алынса, енді бірінде ұстаздың мейірімі мен өлшеусіз еңбегі жырланады. Ұстаздар күні қарсаңында көпшілік сүйіп тыңдайтын ұстаз туралы үздік әндерді топтастырдық.

Ақбота Керімбекова – «Ұстазым»

Сөзі: Аманжол Шамкенов; Әні: Әбілахат Еспаев

Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын,
Есімде, әліппені жаттатқызып,
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.

Қайырмасы:

Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым, менің ұстазым.

Зердемді сен ашпасаң не етер едім
Өмірден сыбағасыз кетер едім.
Ғажайып дүниенің сырын ашып,
Қияға қызықтырып жетеледің.

Қайырмасы:

Өзіңнен өмірге азық ала бердім,
Ұшырып мені алысқа қала бердің.
Бойымда отың кетті ұшқын атқан
Келеді жана бергім, жана бергім.

Қайырмасы:

«Ұстазым»

Сөзі: Бекарыс Шойбеков; Әні: Арман Дүйсенов

Тыңдаған көңілдегі толғамымды
Шын алған тәрбиеммен талғамымды
Өмірдің маған сыи деп білемін
Өзіңдей жанға шәкірт болғанымды
Талпынған балапан ем ұядағы
Қырандай жетілдірдің ұядағы
Ұстазға деген ыстық сағынышым
Бір әнге қалай ғана сыйа алады.

Қайырмасы: 

Ұстазым менің
Қамқорым едің
Баулыған осы өнерге
Жүрегім дархан
Өзіңнің арқаң
Биікке шықсам егерде.

Өнердің мен білмейтін қатпарларын,
Жаныма сіңіргенше тоқталмадым.
Алдымнан шықты бүгін қолын бұлғап,
Қанша жыл қиялдаған тәтті арманым.

Қайырмасы:

«Алғашқы ұстазым»

Ғалым да, кенші де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл бергенн,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең.

Ұстазым!
Ақылшы дос, ой-арманым,
Арналсын саған осы аяулы әнім.

Күтеді біздерді үміт алдан,
Ұстазым, мен сені ұмыта алман.
Үйретем деп өмірдің парасатын,
Ағарды ғой біз үшін қара шашың…

Ұстазым!
Ақылшы дос, ой-арманым,
Арналсын саған осы аяулы әнім.

«Мұғалім - ол біздің»

Сөзі: М.Әлімбаев, Әні: И.Нүсіпбаев

Білімнің кілтіндей,
"Әліппе" ұстатқан.
Оқуға іркілмей,
Тоқуға ұстартқан.

Қайырмасы:

Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің.

Қиынға төзуге
Үйреткен қашанда.
Жаманнан безуге
Жақсылық жасауға.

Қайырмасы:

Атам да сыйлайтын
Атамның тұстасы.
Папам да сыйлайтын
Ауылдың ұстазы.

Қайырмасы:

«Ұстазым»

Сөзі: Р.Зайытов, Әні: Ұ.Жолдасов

1.Аямай тер төгесің
Тәрбие мен тәлімге
Өз балаңдай көресің
Шәкіртіңнін бәрін де.
Еңбегің бар есімің
Келешекке қалдырған.
Балапандар кешегі 
Қыран болып өседі
Қанаттанып сенің алдыңа.

Қайырмасы:

Алыстамайтын асқарым
Мен үшін мәңгі жас шағың
Тұп-тұнық таза бастауым,
Ұстазым!
Жүректің қалар төрінде
Әр сөзің қуат көңілге
Жолдама берген өмірге,
Ұстазым!

2.Өмір жайлы ойласам
Сан-сынаққа салады.
Дәл өзіңдей бір адам 
Жақсы көрмес баланы.
Секілдісің бейнекөр
Маған асқақ айбының
Еркелейтін, еретін
Бейнетіңе сенетін
Шәкірттерің сенің байлығың.

Қайырмасы: