Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан аумағында республикалық деңгейдегі терроризмге қарсы жедел-тактикалық оқу-жаттығу өтетінін хабарлады, деп хабарлайды ult.kz.
Ведомство мәліметінше, "Найза-Антитеррор-2026" оқу-жаттығуы 2026 жылғы 5-30 маусым аралығында ұйымдастырылады. Іс-шараның мақсаты – терроризм қатерлеріне қарсы іс-қимыл тетіктерін жетілдіру және күштік құрылымдардың өзара үйлесімді әрекетін пысықтау.
ҰҚК азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға шақырып, қауіпсіздік талаптарын сақтауды және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұрады.
Сондай-ақ тұрғындарға тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, жалған ақпараттың таралуына жол бермеу қажеттігі ескертілді.
Оқу-жаттығу кезеңінде жекелеген аудандарда автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.