Ұлытауда үйінен шығып кеткен 60 жастағы ер адам 8 шақырым жерден табылды

Ұлытауда үйінен шығып кеткен 60 жастағы ер адам 8 шақырым жерден табылды
cretalive.gr

Ұлытау облысында үйінен шығып, қайта оралмаған 60 жастағы ер адам аман-есен табылды. Оны іздеуге дрон мен спутниктік байланыс қолданылған, деп хабарлайды ult.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 12 қыркүйек күні Ұлытау ауданы, Шеңбер ауылдық округіндегі Домбығұл қыстауынан 1966 жылы туған ер адам шығып кеткен. Өзімен бірге ұялы телефоны болмаған.

Іздеу жұмыстарына ТЖД қызметкерлері, полиция, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ауыл тұрғындары және «Ауыл құтқарушылары» еріктілері қатысты.

Құтқарушылар аумақты дронмен барлап, спутниктік байланысты пайдаланған. Нәтижесінде ер адам қыстаудан солтүстікке қарай 8 шақырым жерден табылды.