Украинада карантин 22 маусымға дейін ұзартылды

Украинада карантин 22 маусымға дейін ұзартылды

Украинаның Министрлер кабинеті коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында ел аумағындағы карантинді 22 маусымға дейін ұзарту және эпидемияға қарсы іс-шараларды біртіндеп жұмсарту туралы қаулыны жариялады, – деп хабарлайды Укринформ агенттігі.

Тиісті № 392 қаулы 20 мамыр күні қабылданған. Құжатта коронавирусты болдырмау үшін «бүкіл Украина аумағында 2020 жылдың 11 наурызында Украина Министрлер кабинетінің № 211 қаулысымен жарияланған карантинді ұзартып» 22 мамырдан бастап 22 маусымға дейін ұзарту қарастырылған.