Түркістанда бір мектептің барлық түлегі мемлекеттік грантқа ие болды

Түркістанда бір мектептің барлық түлегі мемлекеттік грантқа ие болды

Түркістан облысында Бауыржан Момышұлы мектебін бітірген 63 түлек түгел мемлекеттік грантқа ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Бауыржан Момышұлы мектеп гимназиясының оқушылары биылғы 2021-2022 оқу жылын сәтті аяқтаған. Мектеп бітіруші бес сыныптың 63 оқушысы түгел мемлекеттік грант иегері атанған. Олардың 30-ы "Алтын белгіге", 21-і "үздік аттестатқа" ие болған.

Айта кетейік, мектеп гимназияның орташа балы - 105 пайыз. Бұл білім ордасынан кейінгі 7 жылда 299 алтын белгі, 125 қызыл аттестат иегері шыққан.