Түркия Сыртқы істер министрлігі Ақтау жағалауындағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан қазақстандық әскери қызметшілерге байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды ult.kz.
Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады.
Түркия Сыртқы істер министрлігі таратқан жазбаша мәлімдемеде қаза тапқандардың жақындары мен Қазақстан халқына көңіл айтылған.
«Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің Ақтау жағалауындағы әскери оқу-жаттығулары кезінде адамдардың қаза тапқаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадық. Қаза тапқандардың жақындарына және Қазақстан халқына көңіл айтамыз», – делінген мәлімдемеде.