Трамп түнгі сағат 2-де конгрессменге қоңырау шалып, Тоқаевқа сәлем жолдаған

Трамп түнгі сағат 2-де конгрессменге қоңырау шалып, Тоқаевқа сәлем жолдаған
Ақорда

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен қалыптасқан сенімді қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын айтқан, деп хабарлайды ult.kz.

Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз пулындағы журналист Әділ Балтабаев айтты.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Өкілдер палатасының Бюджет және салық жөніндегі комитетінің төрағасы Джейсон Смит бастаған Конгресс делегациясымен кездескен еді.

Кездесу барысында Джейсон Смит Дональд Трамптың оған түнгі сағат 2-де қоңырау шалғанын айтып, АҚШ президентінің Қасым-Жомарт Тоқаевқа сәлемін жеткізген.

«Бүгін түнгі сағат екіде маған Президент Дональд Трамп қоңырау шалды. Мен оған бірнеше сағаттан кейін Сізбен кездесетінімді айттым. Ол Сізге ең жылы тілегін жеткізуді өтінді. Сондай-ақ араларыңызда қалыптасқан сенімді әрі конструктивті қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын білдірді», – деді Джейсон Смит.

Конгрессменнің айтуынша, Трамп сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты G20 саммитіне қатысу үшін Майамиде күтетінін жеткізген.

Смиттің сөзін Президенттің баспасөз пулындағы журналист Әділ Балтабаев жариялады.