Тоқтар Серік пен Әбдіжаппар Әлқожаның биі желіде сынға қалды

Тоқтар Серік пен Әбдіжаппар Әлқожаның биі желіде сынға қалды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойына арналған концертке дайындық кезінде билеген әншілер әлеуметтік желіде талқыға түсті, деп хабарлайды ult.kz.

Желіде тараған бейнежазбада Тоқтар Серік, Әбдіжаппар Әлқожа және Ғазизхан Шекербековтің дайындық барысында билеп жүргенін көруге болады.

Өнер иелерінің биіне қатысты қолданушылар түрлі пікір білдірді. Олардың арасында әншілердің әрекетін сынағандар да болды.

Бейнежазба мерейтойлық концерттің өзінде емес, оған дайындық кезінде түсірілген.

Айта кетейік, Серік Ибрагимов Мейрамбек Беспаевқа тосынсый жасады.

Мейрамбек Беспаев кім? 
 

Мейрамбек Беспаев — қазақстандық әнші, термеші, «МузАРТ» тобының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол 1976 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Бала кезінен ән айтып, өнерге ерте араласқан. Тараздағы Глинка атындағы музыкалық мектептің қобыз сыныбында білім алған. Кейін Алматыдағы Күләш Байсейітова атындағы музыкалық мектепте оқуын жалғастырған.

Кәсіби еңбек жолын Сүйінбай атындағы филармонияда әнші болып бастаған. Өнер жолында жеке орындаушы ретінде де, «МузАРТ» тобының құрамында да танылды. Сәкен Майғазиев және Кенжебек Жанәбіловпен бірге орындаған әндері тыңдарманға кеңінен таныс. Репертуарында халық әндері, термелер және лирикалық туындылар бар. Әншіліктен бөлек, «Ғашық жүрек» фильмінде ойнап, актерлік қырынан да көрінген.