Мемлекеттік сапармен Оңтүстік Кореяға барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Корея Республикасы Президентінің резиденциясында салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды ult.kz.
Салтанатты рәсім барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Президенті Ли Чжэ Мёң бір-біріне екі елдің ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Сондай-ақ Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Кореяның мемлекеттік әнұрандары орындалды.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Чжэ Мёң екіжақты кездесулер өткізіп, Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылайды.