Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бірқатар мемлекеттік органның басшылары тағайындалды, деп хабарлайды ult.kz.
Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы қызметіне кірісті.
Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалды.
Сондай-ақ Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметіне тағайындалды.
Ал Артур Ермекұлы Ластаев Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына қайта тағайындалды.