Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің төрағалығына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды

Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің төрағалығына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында Кеңес төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды ult.kz.

Президенттің ұсынысы Қазақстан Халық Кеңесінің Астанада өтіп жатқан алғашқы сессиясында жарияланды. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекіткен.

Ерлан Қошанов – Қазақстан Парламентінің Мәжілісін басқарған мемлекеттік қызметкер.