Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Тоқаев адам құқығы саласында басымдық берілетін шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды

Тоқаев адам құқығы саласында басымдық берілетін шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды


Адам құқықтары саласындағы нақты шараларды одан әрі жүзеге асыру – саяси жаңғырудың маңызды кезеңі. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Адам құқықтары саласындағы нақты шараларды одан әрі жүзеге асыру – саяси жаңғырудың маңызды кезеңі. Бүгін тиісті Жарлыққа қол қойылды. Үкіметке оны орындау үшін Шұғыл шаралар жоспарын қабылдауға тапсырма берілді»,-деп жазды, Мемлекет басшысы.

Осыған дейін Қазақстан Президентінің ҚР адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы Жарлыққа қол қойғанын жаздық.