Шавкат Мирзиеев Өзбекстан президенті болып сайланды

Шавкат Мирзиеев Өзбекстан президенті болып сайланды

Өзбекстанда өтіп жатқан Президент сайлауында Шавкат Мирзиеев жеңіске жетті. Бұл туралы Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясы хабарлады. 

Өзбекстан Президентінің міндетін атқарушы, Премьер-Министр Мирзиеев сайлаушылардың 88,61  пайыз даусын жинап жеңіске жеткен.  Ол Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясы атынан сайлауға түскен болатын. Мемлекет басшылығына таласта Хатамжон Кетмонов Халық-демократиялық партиясынан, Нариман Омаров социал-демократтардан және парламенттің төменгі палатасының вице-спикері Сарвар Отамуратов демократиялық партиядан сайлауға түсті.

ОСК басшысы сайлауға 20 миллион сайлаушының 17,9 миллионнан астамы (87,83 %) қатысқанын хабарлаған.

"Ұлт ақпарат"