Шетелде 9,6 мыңнан астам қазақстандық Құрылтай сайлауында дауыс берді

Шетелде 9,6 мыңнан астам қазақстандық Құрылтай сайлауында дауыс берді
zakon.kz

Шетелдегі барлық 79 учаскелік сайлау комиссиясы жұмысын аяқтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп хабарлайды ult.kz.

Мәліметке сәйкес, 61 елде 9623 Қазақстан азаматы дауыс берген. Осылайша, шетелдегі сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 84,4 пайызды құрады.

Бұған дейін шетелдегі сайлау учаскелерінде дауыс беру 24 тамызға дейін жалғасатыны хабарланған болатын.

Сондай-ақ шетелде Қазақстан азаматтары үшін 74 сайлау учаскесі ашылғаны мәлімделген еді.

Ал OSI қоғамдық саясат институты Жетінші арнаның тапсырысы бойынша жүргізген экзитполдың алдын ала нәтижесін жариялады.