Семейде автобус жол апатына ұшырап, бірнеше адам зардап шекті

Семейде автобус жол апатына ұшырап, бірнеше адам зардап шекті
Абай облысы ПД

Семейде маршруттық автобус пен JETOUR X70 көлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы салдарынан адамдар зардап шекті, деп хабарлайды ult.kz.

Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты сағат 13:10 шамасында Қаржаубайұлы – Энергетиктер көшелерінің қиылысында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 50 жастағы автобус жүргізушісі солға бұрылған кезде көлікті басқара алмай, жол жиегінде тұрған JETOUR X70 автокөлігіне соғылған.

Жол апатынан зардап шеккендер бар. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел қызмет мамандары жұмылдырылды. Қазір жол қозғалысы қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде.

Аталған факті бойынша тексеру басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.