Алматыдағы Сайран көлінде құтқарушылар қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды ult.kz.
Оқиға жағажай аумағында болған. Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің кезекші жасағы патрульдеу барысында суицид жасауға әрекеттенген бойжеткенді дер кезінде байқап, судан жедел түрде шығарып алды.
Құтқарушылар қызды жағаға жеткізіп, алғашқы көмек көрсетті. Күйзеліске түскен азаматшаға психологиялық қолдау көрсетілді.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды өз өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырып, қиын сәтте мамандар көмегіне жүгінуге кеңес береді.