Танымал актриса әрі блогер Сая Оразғалиева «Мамский әңгіме» подкастына қатысып, жеке өміріне қатысты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды ult.kz.
Өнер иесі қазіргі таңда Рүстем есімді азаматпен қарым-қатынаста екенін айтты. Оның сөзінше, екеуі Instagram арқылы танысқан.
Саяның айтуынша, Рүстем оған бұған дейін достарының әлеуметтік желідегі парақшаларынан жиі көрінген. Бір күні актриса оның парақшасына кіріп, байқамай жазылып кеткен. Кейін Рүстем де Саяға жазылып, осылайша екеуінің араласуы басталған.
Актриса жаңа қарым-қатынастың алғашқы күндерінен-ақ Рүстемнің оған ерекше көңіл бөлгенін атап өтті. Мәселен, 14 ақпан күні ол Саяға гүл жіберіп, спортзал мен дәрігерге жаздырып, қызмет ақысын өзі төлеген.
Сая Оразғалиева сүйіктісінің өзінен алты жас кіші екенін де айтты. Екеуі қарым-қатынастың басында-ақ өткен өмірлері туралы ашық сөйлескен.
«Ол – ашық адам. Бәрін ашық айтады. Бірден бір-бірімізге өмірбаянымызды айтып бердік. Ол бұрын некеде болған, бір қызы бар», – деді Сая.