Садраддиннің киімі тағы жұрт талқысына түсті

Садраддиннің киімі тағы жұрт талқысына түсті
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Әнші Садраддин Болаттың “Қызық Times” бағдарламасына киіп барған киімі әлеуметтік желіде талқыға түсті. Өнер иесінің бұл жолғы образына да сын айтқандар табылды, деп хабарлайды ult.kz.

Желі қолданушылары әншінің киім таңдауына қатысты түрлі пікір қалдырған. Бірі үстіндегі жемпірін әйелдер киіміне ұқсатса, енді бірі оған стилистің көмегіне жүгінуге кеңес берген.

“Үстіне не киіп алған?”, “Садраддинге шұғыл стилист керек”, “Қыздардың жемпірін киіп алғаны несі?” деп жазған пікір білдірушілер.

Бұған дейін де Садраддиннің Алматыдағы концертіне арнап тігілген сахналық костюмі көпшіліктің назарын аударып, сынға ұшыраған еді. Кейін дизайнер Назым Қарпықова киімнің ғарыш тақырыбына сай әзірленгенін түсіндірді. Оның айтуынша, бұл образ арқылы әншіні заманауи батыр бейнесінде көрсету көзделген.

Садраддин Болат кім?

Садраддин Болат - SADRADDIN сахналық атымен танылған қазақстандық әнші, ән авторы. Ол жасөспірім кезінен музыкалық байқауларға қатысып, 2015 жылы “Аялаған Астана” республикалық балалар байқауында бірінші орын алған. Тыңдарманға “Aiga qarap” секілді әндерімен танылды. Бұл туындысы 2023 жылы “Қызық премия” сыйлығының “Жылдың үздік хиті” аталымында жеңіске жеткен.

Әнші 2023 жылы “Алматы Аренада” алғашқы жеке концертін өткізді. Ал 2024 жылғы 15 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында 30 мыңға жуық көрерменнің басын қосқан үлкен концерт берді. Оның шығармашылығы, әсіресе, жастар арасында кеңінен танымал.