Құрылтайда депутаттық әдепті бұзғандарға бірнеше тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін. Бұл туралы Құрылтай вице-спикері Дания Еспаева мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.
Оның айтуынша, депутаттарға сөгіс жариялау, көпшілік алдында кешірім сұрату, бір немесе үш отырыста сөз беру құқығын шектеу, отырыстан шығару және бір күндік жалақысынан айыру шаралары қарастырылған.
Бұл мәселелерді арнайы құрылатын әдеп жөніндегі кеңес шешеді. Кеңес депутаттық әдепке қатысты заңды және жеке тұлғалардан түскен өтініштер мен шағымдарды қарайды.