ҚТЖ басшысы қызметінен босатылды

ҚТЖ басшысы қызметінен босатылды
ашық дереккөз

"Қазақстан темір жолы" басшысы Талғат Алдыбергенов қызметінен босатылды, деп хабарлайды ult.kz.

Талғат Алдыбергеновты қызметінен босату туралы шешімді компанияның акционері "Самұрық-Қазына" қоры қабылдады. Ал қордың жалғыз акционері - үкімет.

"Жалғыз акционердің шешімімен "Қазақстан темір жолы" акционерлік қоғамы басқарма төрағасы Талғат Сағиұлы Алдыбергеновтің өкілеттігі тоқтатылды", – делінген ресми мәлімдемеде.

Ұлттық теміржол компаниясының бос басшысының есімі әлі жарияланған жоқ.

Талғат Алдыбергенов бұл лауазымды қызметке 2025 жылдың шілде айында тағайындалған еді.