Freedom Inside '26

«Қолында үлкен пакет бар»: Ақбаян мен Сұлтанның ел көрмеген видеосы тарады

«Қолында үлкен пакет бар»: Ақбаян мен Сұлтанның ел көрмеген видеосы тарады
Фото: әлеуметтік желі

Атырау облысында бірнеше адамның өліміне қатысты резонансты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Кезекті отырыста Сұлтан Сәрсемәлиевтің ломбардқа алтын бұйымдарды өткізген сәті түсірілген бейнежазба көрсетілді, деп хабарлайды ult.kz  dalanews.kz сайтына сілтеп. 

Сот барысында айыпталушы кейбір эпизодтар бойынша кінәсін ішінара мойындағанымен, бірқатар айыптармен келіспейтінін айтқан. Атап айтқанда, ол Наурыз Мұқанғалиевтің өлімі қасақана емес, абайсызда болғанын мәлімдеген.

Тергеу органдарының мәліметінше, психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысы Сәрсемәлиевтің қылмыс жасалған сәтте өз әрекетіне жауап бере алатын жағдайда болғанын көрсеткен.

Сондай-ақ тергеу барысында бұл іске басқа адамдардың қатысы анықталмағаны хабарланды.

Қазір сот отырыстары жалғасып жатыр. Іс материалдары мен дәлелдемелер кезең-кезеңімен зерттелуде.

Еске салайық, Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында бұрынғы жұбайының төрт туысын өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты іс қаралып жатыр.