Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

«Қазақмысқа» жұмысқа тұрғызамыз деп ақша сұрағандарға қылмыстық іс қозғалды

«Қазақмысқа» жұмысқа тұрғызамыз деп ақша сұрағандарға қылмыстық іс қозғалды
rbc.ru

«Қазақмыс» кәсіпорындарына жұмысқа орналастыру үшін азаматтардан заңсыз ақша талап ету деректері бойынша үш қылмыстық іс қозғалды. Құқық бұзушылықтар Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалаларында анықталған, деп хабарлайды ult.kz.

Компанияның мәліметінше, 2026 жылғы қарашада Қауіпсіздік қызметі құқық қорғау органдарымен бірлесіп, үш заңсыз әрекетті әшкерелеген. Аталған фактілер бойынша алаяқтық және коммерциялық параға сатып алу баптарымен тергеу басталды.

Компания жұмысқа қабылдау тек ашық конкурс арқылы және тегін жүргізілетінін ескертті. Бос жұмыс орындары ресми мансап порталында жарияланады. Үміткерлерден іріктеудің ешбір кезеңінде ақша талап етілмейді.

Заңсыз ақша талап ету деректері туралы азаматтар 8-800-080-8089 нөміріне хабарлай алады. Қоңырау шалу тегін.