Ақтөбеде лицензиясыз 1 400 тоннадан астам қауіпті мұнай қалдығын өңдеген кәсіпорын директоры сотталды. Заңсыз табылған 393 млн теңге мемлекет кірісіне өндірілді, деп хабарлайды ult.kz.
Бас прокуратураның мәліметінше, «ЖАН-АМИ и К» ЖШС басшысы 2024–2025 жылдары тиісті лицензиясыз мұнай қалдықтарын өңдеп, 393 млн теңге кіріс тапқан.
Сот кәсіпкерді Қылмыстық кодекстің 214-бабы бойынша кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен қатар, 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған. Алайда ол рақымшылық туралы заң негізінде негізгі жазадан босатылған.
Заңсыз табылған 393 млн теңге мемлекет кірісіне өндірілді. Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды. Шешім заңды күшіне енді.