Қарағандыда зейнеткердің үйін тонаған ер адам ұсталды

Қарағандыда зейнеткердің үйін тонаған ер адам ұсталды
ашық дереккөз

Қарағандыда 74 жастағы әйелдің үйіне терезе арқылы кірген ер адам ноутбук пен әшекей бұйымдарды ұрлап кеткен, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, ұрланған ноутбукта зейнеткердің отбасы үшін құнды фотосуреттері мен бейнежазбалары сақталған. Жалпы материалдық шығын 100 мың теңге болған.

Киров полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні анықтап, ұстады. Ер адам қылмысқа қатысы барын мойындаған.

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.