Өткен жылы 8,2 млн көрермен отандық фильмдерді тамашалаған

Өткен жылы 8,2 млн көрермен отандық фильмдерді тамашалаған


Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2023 жылы Қазақстанда 387 фильм түсірілген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 56 бірлікке артық. Барлық түсірілген фильмнің тек 25% толықметражды болса, қалған 75% – қысқаметражды.  

Толық метражды фильмдерден:
35 – ойын-сауық
50 – деректі
3 – анимациялық
9 – хроникалық

Кино түсірумен айналысқан кинематография ұйымдарының саны 98 болса, 2022 жылы олардың саны 67 болған.

2023 жылы барлық киносеансқа барушылардың 39%-ы ұлттық киноны көрген – бұл бір жылдағы 20 млн көрерменнің 8,2 млн-ы.

Жалпы елімізде 113 кинотеатр бар. Олардың көпшілігі Республикалық маңызы бар қалаларда – Алматы (21 бірлік), Астана (10 бірлік), Шымкент (10 бірлік).

Өткен жылы барлығы 985 мың киносеанс өткізілген.