Осы аптада жұмысын бастайтын кәсіпорындардың тізімі бекітілді

Осы аптада жұмысын бастайтын кәсіпорындардың тізімі бекітілді

Мемлекеттік комиссия жұмысын жандандыратын кәсіпкерлік субъектілері қызмет түрлерінің тізімін бекітті.

Кәсіпорындар барлық өңірде 27 сәуірден, ал Шымкентте 1 мамырдан бастап іске қосылады. Бүкіл жерде қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталуы тиіс.

Жұмысын бастайтындар:

  • өнеркәсіп кәсіпорындары;

  • құрылыс және жол құрылысы салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері;

  • көлік, қоймалау, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік, автокөліктерге қызмет көрсету салаларындағы ұйымдар және қызмет көрсету саласының кейбір түрлері;

  • банктер мен қаржы секторының ұйымдары.

Нұр-Сұлтанда қайта ашылатын орындар:

  • қаржы және сақтандыру секторларының ұйымдары;

  • электрлік тұрмыстық техника, саяжай маусымына арналған тауарлар сататын ірі дүкендер.

Алматыда мына салалардың ұйымдары жұмысын қайта бастайды:

  • көлік және қоймалау, ақпараттық-коммуникациялық технология салалары;

  • қаржы және сақтандыру секторлары;

  • сервистік қызмет көрсету салалары (ТҚС, дөңгелек ауыстыру, тұрмыстық және кеңсе техникаларын жөндеу).

Айта кетейік, елімізде төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды.