Өскеменде Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінің сарбаздары патрульдеу кезінде тұрғын үй ауласынан 60-қа жуық күмәнді түйіншек тапты, деп хабарлайды ult.kz.
Потанин көшесінде қызмет атқарып жүрген қатардағы жауынгерлер Давид Хасенов пен Артур Двинянин орамаларды байқап, ішінде ұнтақ тәрізді белгісіз зат барын анықтаған. Сарбаздар бұл туралы жасақ бастығына баяндап, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды.
Түйіншектердің сырты қызыл, көк және қара түсті оқшаулағыш таспамен оралған. Табылған заттар тәркіленіп, олардың нақты құрамы мен түрін анықтау үшін сараптамаға жіберілді.