Кәсіпкер Жұмабек Жанықұлдың құлағынан шерткен сәті желіде талқыланған асаба Нұрбек Саламатов оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ult.kz.
Той жүргізушісі кәсіпкерге сол жерде жауап бергенін айтып, өзіне алаңдап хабарласқан жақындары мен достарына алғыс білдірді.
"Бәрі жақсы. Мен үшін тұратын достарым, ағаларым, апаларым өте көп екен. Бәріңізді жақсы көремін, ешкімді сөкпеңіздер", — деп жазды асаба.
Ол көпшілікті ешкімге тіл тигізбеуге шақырды.
Нұрбек Саламатовтың жазбасына Жұмабек Жанықұл да пікір қалдырып, оған жылы лебізін білдірген.
"Красаучик, інім. Іні бола алатын жігіт екенсің", — деп жазды кәсіпкер.
Айта кетейік, Динара Сәтжанның күйеуінің жүргізушіге жасаған ескертуі талқыға түсті.
Жұмабек Жанықұл кім?
Жұмабек Жанықұл (Жанықұлов) — қазақстандық кәсіпкер, тележүргізуші Динара Сәтжанның жұбайы. Оның кәсіпкерлік қызметі өндіріс, химия, металлургия және медициналық диагностика салаларын қамтиды.
Ол «Кемел ұрпақ» қоғамдық қорының негізін қалаған. 2022 жылы Forbes Kazakhstan жариялаған «Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесмені» рейтингінде 46-орынға енген.
Жұмабек Жанықұлов пен Динара Сәтжан 2025 жылғы сәуірде ресми некелескен. Кейін тележүргізуші жұбайының тегіне ауысатынын мәлімдеген.