
Ақтөбеде жаңбыр толассыз жауып тұр. Қала көшелері суға кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ақтөбе қаласындағы 10 сорғы станциясы жұмыс істеп тұр. Сонымен бірге су сору жұмысына 50-ден астам техника жұмылдырылды.
Инертті материалдарды жеткізу соларға жүктелді. Әзірге суға кеткен аула жоқ.
«Судың көп бөлігі жолға жиналған. Жалпы көктемде су жиналатын, суға кетуі басым 40 аймаққа суағар салынады. Жұмыс жалғасып жатыр», - деді Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Жомарт Бақытгелді.
