Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Наурыз мейрамында адам көп жиналатын жерлерде өтетін шараларға тыйым салынады

Наурыз мейрамында адам көп жиналатын жерлерде өтетін шараларға тыйым салынады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Наурыз - қазақтың ежелден келе жатқан мейрамы, бірақ ең маңызды мәселе - адамның қауіпсіздігі. Азаматтарға бастарыңды қоспа деп айту қиын, себебі бұрын да бір-бірінің ауылдарына барып амандасып, құттықтап қайтқан. Наурыз мейрамында адам көп жиналатын жерлерде өтетін шараларға тыйым салынады, бірақ азаматтардың бір-біріне барып көрісуіне, құттықтауына шектеу қойылмайды. Әр адам өзін ғана емес, айналасындағыларды, ағайын-туысты ойлауы керек, сол себепті бұрынғыдай 500-1000 адам жиналатын шараларға тыйым салынады», - деді Ералы Тоғжанов.

Еске сала кетсек, кеше ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялап, соған орай елімізде бірқатар шешім қабылданды.