Наташа Қалымбетова қуанышты жаңалығын айтты

Наташа Қалымбетова қуанышты жаңалығын айтты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Наташа Қалымбетова 30 жыл бұрын өзін ауылдас төрт ер адамның зорлағанын мәлімдеп, АҚШ-қа барып, қызымен бірге ДНҚ сараптамасынан өтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ult.kz.

Оның айтуынша, Америкада тұратын қызы сараптама жасатуды өзі ұсынған. Қалымбетова оның нәтижесі сотқа жеткізуге тырысып жүрген ісі бойынша жаңа дәлелдер алуға көмектеседі деп үміттенеді.

Әйел соңына дейін күресуге бекінгенін және өзінің айтуынша, 17 жасында басынан өткен оқиға туралы енді үнсіз қалмайтынын жеткізді.

Бұған дейін Қалымбетова сол оқиғадан кейін дүниеге келген қызын шетелдік отбасы асырап алып, АҚШ-қа алып кеткенін айтқан еді.

Айта кетейік, Наташа Қалымбетова анасынан айырылғанын айтып, жан сырын ақтарды.

Наташа Қалымбетова кім? 
 

Наташа (Наталья) Қалымбетова - Батыс Қазақстан облысының тумасы. Ол 17 жасында ауылдас төрт ер адамның зорлығына ұшырағанын айтып, арада 30 жыл өткен соң осы оқиғаға қоғам назарын аударды. Қалымбетова кінәлілердің жауапқа тартылуын және сол оқиғадан кейін дүниеге келген қызының тағдырын анықтауды көздейтінін жеткізген.

Өзінің айтуынша, қызын шетелдік отбасы асырап алып, АҚШ-қа әкеткен. Кейін қызымен байланыс орнатқанын, енді Америкаға барып, онымен бірге ДНҚ сараптамасынан өтуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл жоспары туралы 2026 жылғы 19 қазанда хабарланды.