Мәйіттермен бірге тұрып, 6 жастағы қызды тәрбиелеген 2 әйел сотталмайтын болды

Мәйіттермен бірге тұрып, 6 жастағы қызды тәрбиелеген 2 әйел сотталмайтын болды
Коллаж: Нейрожелі арқылы жасалды

Павлодар облысында қайтыс болған туыстарының мәйіттерін үйлерінде сақтап, алты жасар қызбен бірге өмір сүрген екі әйелге қатысты тергеу аяқталды. Сараптама қорытындысы бойынша, олардың екеуі де есі дұрыс емес деп танылған, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға өңірдегі елді мекендердің бірінде болған. Бұған дейін бір отбасына тиесілі екі үйден 67 жастағы әйел мен оның 39 жастағы қызының мәйіттері табылған еді.

Белгілі болғандай, марқұмдардың бірінің денесі үй ішінде алты айға жуық уақыт жатқан. Ал екінші мәйіт анықталған баспанада алты жасар қыз әжесі және тәтесімен бірге тұрған.

Аталған жағдайға байланысты жүргізілген тергеу барысында екі әйелдің психикалық жағдайына сараптама жасалған. Нәтижесінде екеуі де есі дұрыс емес деп танылып, психиатриялық мекемеге жіберілген. Осыған байланысты олар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Ал қайтыс болған әйелдердің бірімен бірге тұрған алты жасар қыз қазір басқа отбасының қамқорлығына берілген.