Фото:24.kg
Сот Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты 2020 жылғы қазандағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген айып бойынша ақтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бішкектің Первомайский аудандық соты Алмазбек Атамбаевты 2020 жылдың қазанында Бішкектегі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру ісі бойынша кінәсіз деп танып, қылмыс құрамы болмауына байланысты ақтады", - деді судья үкімді оқыған кезде.
Сондай-ақ сот экс-президент Атамбаевтың кеңесшісі Фарид Ниязовты, елдің ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Құрсан Асановты және Атамбаевтың күзетшісі Қанат Сағымбаевты ақтады.