КҚК мәселесі Қазақстан мен АҚШ келіссөзінің басты тақырыптарының бірі болды

КҚК мәселесі Қазақстан мен АҚШ келіссөзінің басты тақырыптарының бірі болды
СІМ

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесіп, Каспий құбыр консорциумына (КҚК) қатысты жағдайды егжей-тегжейлі талқылады, деп хабарлайды ult.kz.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, тараптар кеңейтілген стратегиялық серіктестік аясындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін қарастырды.

Әңгіме барысында Мемлекет басшысының G20 саммитіне қатысуына байланысты АҚШ-қа алдағы сапарына дайындық мәселелері де сөз болды.

Сонымен қатар, Қазақстан мұнайының негізгі экспорттық бағыттарының бірі саналатын Каспий құбыр консорциумының (КҚК) жұмысына қатысты қазіргі жағдай келіссөздің маңызды тақырыптарының бірі ретінде талқыланды. Тараптар бұл мәселеге ерекше назар аударды.