Freedom Inside '26

Көлсайда демалып жүрген әйел басынан жарақат алды

Көлсайда демалып жүрген әйел басынан жарақат алды
Видеодан скриншот

Алматы облысындағы Көлсай көлінде демалып жүрген 1989 жылы туған әйел басынан жарақат алып, оған Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары көмек көрсетті, деп хабарлайды ult.kz.

Ведомствоның мәліметінше, құтқарушылар зардап шегушіге оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жарақатын өңдеп, таңғыш салған. Кейін әйел қызметтік автокөлікпен Саты ауылына жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Айта кетейік, жуырда Көлсай көлінде ТЖД қызметкерлерінің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылған құтқару бекеті ашылған болатын.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен туристерді табиғат аясында және су айдындарының маңында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.