Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында 38 жастағы ер адам жұмыс кезінде тоқ соғып, көз жұмды, деп хабарлайды ult.kz.
Қайғылы оқиға 25 тамызда Бескөл ауылында болған. Жеке тұрғын үйге кірпіш түсіріп жатқан кезде автокран-манипулятордың жебесі абайсызда жоғары кернеулі электр желісіне тиіп кеткен.
Салдарынан жүк көлігінің жүргізушісін тоқ соғып, ол оқиға орнында қаза тапты. Оған көмектеспек болған екінші адам да электр тогынан күйік алған.
СҚО Полиция департаментінің мәліметінше, қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.