Кеңес одағының танымал актері Андрей Мягков дүниеден озды

Кеңес одағының танымал актері Андрей Мягков дүниеден озды

Белгілі театр және кино актері Андрей Мягков 83 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Чехов атындағы Мәскеу көркем театры баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Театр және кино актері, режиссер, РКФСР Халық әртісі Андрей Васильевич Мягков 1938 жылы 8 шілдеде Санкт-Петербургте дүниеге келген.

Актер 1975 жылы Эльдар Рязановтың "Ирония судьбы, или С легким паром" фильмі шыққаннан кейін танымал болған. Сондай-ақ, Мягков Рязановтың "Служебный роман" (1977) комедиясындағы Новосельцевтің ролімен көрермендердің есінде қалды.

Мягковтың кинодағы соңғы жұмыстарының бірі - Сергей Овчаровтың "Сказка про Федота-Стрельца" (2001) фильміндегі патшаның ролі, "32 декабря" кинокартинасындағы басты роль және басқалары.

Ол Тимур Бекмамбетовтың "Ирония судьбы. Продолжение" және Евгений Герасимовтың "Туман рассеивается" сериалына да түсті.