Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

"Алдағы үш тәулікте антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады және температура көтеріледі", — деп хабарлайды синоптиктер. 

5 сәуірде солтүстік және шығыс облыстарда күндіз плюс 5…13, оңтүстікте ауа температурасы 20…28 градусқа дейін жылынады.

4-5 сәуірде батыста кей жерлерде жаңбыр, найзағай ойнап, температура аздап төмендейді.