Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз мәліметтеріне сілтеме жасап.

7 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші түнде кей жерлерде 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с болады. 

Қостанай қаласында күндізоңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Болжамның ықтималдылығы 90-95 %. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 м/с-ге жетеді. 

Қызылорда қаласында 7 наурызда күндіз шаңды дауыл көтеріліп, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Болжамның дәлдігі 95-100%. 

7-8 наурызда Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. 

Түркістан қаласында 7-8 наурызда солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 25 м/с-қа жетеді. 

Шымкент қаласында 7-8 наурызда солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.