Елімізде тағы 20 адам коронавирустан емделіп шықты

Елімізде тағы 20 адам коронавирустан емделіп шықты

Қазақстанда тағы 20 адам коронавирус індетінен жазылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт таратқан мәліметтерге қарағанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Атырау облысында - 6, Қарағанды облысында - 4, Түркістан облысында - 4, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 1, Ақтөбе облысында 3 адам қауіпті вирусты жеңіп шықты. 

Осылайша, Қазақстанда коронавирус індетінен айыққандар саны 899-ға жетті:

Нұр-Сұлтан қаласы – 240
Алматы қаласы – 117
Шымкент қаласы – 36
Ақмола облысы – 72
Ақтөбе облысы – 16
Алматы облысы – 14
Атырау облысы – 70
Шығыс Қазақстан облысы – 8
Жамбыл облысы – 46
Батыс Қазақстан облысы – 10
Қарағанды облысы – 67
Қостанай облысы – 3
Қызылорда облысы – 118
Маңғыстау облысы – 9
Павлодар облысы – 5
Солтүстік Қазақстан облысы – 25
Түркістан облысы – 43